Жаңалықтар

Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жыл толуына орай шығармаларынан үзінді дауыстап оқылды. Мақсаты: Жазушының әдеби мұрасының негізгі ерекшеліктерін ұғындыру, оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу. Шара барысында кітапханашылар ақынның дарынды ұстаз болғанын, халыққа білім беру мақсатында көптеген бірнеше кітаптары мен оқу құралдарына, кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектеріне шолу жасалды. Сонымен қатар жазушының туған ұлы Бектұрдың, қызы Музаның берген сұхбаттарынан «SARA-SЕ» дауыстап оқитын машинкасы арқылы зағип жандарға үзінді тыңдатылды.
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.03.2024

«Әмина апа сомдаған бейнелер»

Мәлімет 2024 жылдың 05 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, актриса Ә.Өмірзақованың туғанына 105 жыл толуына орай «Әмина апа сомдаған бейнелер» атты еске алу кеші өтті. Әмина Өмірзақова жарты ғасырдан астам уақытын театр сахнасына арнап, 150-дей кейіпкердің рөлін сомдады. Кино саласына сіңірген еңбегі де ұшан-теңіз. Оның әсіресе, ана бейнесіндегі фильмдері әлі күнге дейін экраннан түспейді. Кеш орталық кітапхана қызметкерлері әзірлеген «Әзиз ана – Амина Өмірзақова» атты бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Шараға Талдықорған қаласының № 4 орта мектептің 7«а» сынып оқушылары мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Мухамадиева қатысты. Шара соңында кітапханашы Ж.Дулыханова Әмина Өмірзақова туралы кітаптармен таныстырып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.03.2024

«ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

«ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» облыстық байқауы өтті. Бүгін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «ІІ Республикалық Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға 27 өтінім қабылданып, қатысушылар екі кезең бойынша бақ сынасты. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын бірінші кезеңде байқау ережесіне сай ақынның 20 өлеңін жатқа айту берілген болатын. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 10 қатысушы екінші «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға электронды ұяшықтар көмегімен жауап берді. Байқауға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, ақын, жазушы Айдын Кәлімхан, ақын, Егемен Қазақстан газетінің Жетісу о...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.03.2024

Апталық афиша

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 2024 жылдың 4 – 8 наурыз аралығында өтетін мәдени іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: Афиша Уақыты: 29.02.2024

«Тұрардай ұлы бар халықпыз»

Мәлімет Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам, саяси қайраткері, тарихшы журналист Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Тұрардай ұлы бар халықпыз» атты еске алу сағаты өтті. Мақсаты: Халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін,қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету. Қазақ халқының тарихи тұлғалары, олардың өнегелі мен ерлігі, адами асқақ бейнелері бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбиенің арнасы болмақ. Тұрар Рысқұловтың бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып, олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту,бабалар ерлігін насихаттау. Шараға Талдықорған қаласының №21 орта мектептің тарих пінінің мұғалімі А.Қожабекова, №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары мен алаштанушы Е.Нұрахмет қатысты. Еске алу сағаты Тұрар Рысқұловтың өмірі мен ерлігі туралы «Өмір жолы» атты бейне-ролик кө...
Толығырақ... Оқылды: 128 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.02.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика